• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Әлем 27 Тамыз, 2021

Кабулдағы террорлық шабуылдар кезінде қайтыс болғандар саны белгілі болды

165 рет
көрсетілді

Кабул әуежайындағы жарылыс кезінде 72-ге жуық ауғандық қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Reuters агенттігі атап өткендей, мәйіттердің арасынан ауғандықтардың денелері табылды.

«Кабул әуежайынан тыс жерде қайтыс болған 28 ауғандық «Талибанның» мүшелері болған», деп жазды ақпарат көзі.

Талибан режимінен қашқысы келген ауғандықтарды эвакуациялауға көмектесетін американдық күштер жұма күні Ислам мемлекетінің жанкешті террористі Кабул әуежайының қақпасында 85 адамды, оның ішінде 13 американдық сарбазды өлтіргеннен кейін жаңа шабуылдарға дайындала бастады.