• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Тамыз, 2021

Жамбыл облысының 227 тұрғыны әлі үйлеріне оралмаған

175 рет
көрсетілді

Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы жарылыстың салдарын жою, келтірілген залалды анықтау және бұзылған нысандарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, деп жазады Egemen.kz.

«Оқиға орнына жақын орналасқан елді мекендердің барлық тұрғындары арнайы дайындалған 10 мектеп пен 5 колледждің жатақханаларына орналастырылды. Қазіргі уақытта онда 227 адам қалды, олардың көпшілігі туыстарының үйіне кетті. Қалпына келтіру жұмыстарына 1000-нан астам адам мен 120-ға жуық техника жұмылдырылды», деді аймақ басшысы.

Зардап шеккендерге көмек көрсетуге 30-дан астам жедел жәрдем көлігі жұмылдырылған. 88 зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді, жеңіл жарақат алған 60 адам үйлеріне жіберілді.