ҚР Үкіметі жанындағы коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 29 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.
«Жасыл» аймақта: Түркістан облысы. Аталған облыс 15 тамыздан бері «жасыл» аймақта тұр.