• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт 29 Тамыз, 2021

Қазақстандық теннисшілер Бішкекте өткен турнирде чемпион атанды

111 рет
көрсетілді

Қазақстандық жас теннисшілер Бішкек қаласында жасөспірімдер арасында ITF аясында өткен бесінше санаттағы (U-16) халықаралық турнирде чемпион атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Даниил Фелькер жекелей сында финалда осы доданың 1-ракеткасы, ирандық Каср Рахманимен күш сынасты.

Аса тартысты өтіп, үш сағатқа созылған матчта қазақстандық теннисші 6:4, 5:7, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Қыздар арасында Әсем Шойбек жекелей сында финалда жарыстың бірінші ракеткасы, қырғызстандық Владислава Андреевскаяға 1:6, 0:6 есебімен есе жіберді.

Жұптық сында қазақстандықтар Елена Ким мен Стефания Шалахова үздік шықты. Олар шешуші бәсекеде тағы бір қазақстандық Яна Кузнецова мен ресейлік Ксения Логвинаны 6:2, 6:2 есебімен тізе бүктірді. Бұл Д.Фелькер, Е.Ким және С.Шалахова үшін биылғы жылдағы алғашқы титулдары.

 

Соңғы жаңалықтар