Футбол әлеміндегі ең беделді жүлде – «Алтын допқа» үміткерлер рейтингінде жаңа көшбасшы анықталды. Score 90 порталының наурыз айындағы жаңартуы бойынша 18 жастағы каталондық «Барселона» және Испания ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Ламин Ямаль көш бастап тұр, деп жазады Egemen.kz.
Ол бұрынғы көшбасшы – Мадридтің «Реал» клубының француз шабуылшысы Килиан Мбаппеден озып, бірінші орынға шықты. Рейтингтің үшінші сатысына тағы бір француз – Мюнхеннің «Бавария» командасының жартылай қорғаушысы Майкл Олисе жайғасқан. Қазіргі таңда «Пари Сен-Жермен» ойыншысы Усман Дембеле «Алтын доп» иегері болып саналады.
Ең қымбат футболшы: «Болонья» клубы Омар Мұрадовты рекордтық сомаға сатып алды
Жаңа лауреаттың аты-жөні жаздың соңында жарияланады, ал марапаттау рәсімі дәстүрлі түрде күзде Париждегі «Шатле» театрында өтеді. Бұл көрсеткіш футбол әлеміндегі жас ойыншылардың өрлеуін және Еуропа клубтарындағы таланттардың бәсекелестігін айқын көрсетеді.
Дастан Сәтпаев әлемнің үздік 50 жас футболшысының қатарына енді