• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
29 Тамыз, 2021

Қырғыз шекарасында заңсыз әрекет жасаған қазақстандықтар ұсталды

534 рет
көрсетілді

Қырғызстанда рөлі оң жақта орналасқан автокөліктерді заңсыз кіргізбек болды деген күдікпен екі қазақстандық ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, 27 тамызда "Чон-Капка – автожол" бақылау-өткізу бекетінде шекарашылар Қырғызстанға оң жақ рөлді Toyota Estima автокөліктерін кіргізуге тырысқан үш адамды ұстады. Оларда Қырғызстанның мемлекеттік нөмірі болған.

Көлікті заңсыз кіргізбек болды деген күдікпен бір қырғызстандық пен екі қазақстандық қолға түсті. Бұл факті Қырғызстан Қылмыстық кодексінің 223-бабы 2-тармағы 4-тармақшасы "Экономикалық контрабанда" бойынша тіркелді.

Қазір сыбайлас жемқорлық схемасына қатысы бар лауазымды тұлғалар тобы, соның ішінде "Унаа" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері анықталып жатыр.

Айта кетейік, Қырғызстанға оң жақ рөлді көліктерді әкелуге және тіркеуге 2015 жылдан бастап тыйым салынған.

Соңғы жаңалықтар