Жамбыл облысындағы жарылыс болған оқ-дәрі қоймасының орнында әлсін жарылыс дыбысы естілді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«26 тамыз күні өртенген инженерлік оқ-дәрі қоймасының аумағында бүгін, 29 тамыз күні 12:20 шамасында жалын орын алды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, оқиға орнында ешкім болмаған. Қазір оқиғаның себептері анықталып жатыр», делінген ресми түсініктеме.