Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Талғат Мамаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жамбыл облысындағы әскери бөлімның оқ-дәрі базасында қайтыс болғандардың саны 14-ке жетті. Жарылыс салдарынан қаза болған тағы бір адамның денесі табылды. Әзірге кім екені анықталмады. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Талғат Мамаев айтты.
«Кешке таман тағы бір адамның денесі табылды. Өкінішке қарай, қаза болғандар саны 14 адамға жетті. Қайтыс болған адамның кім екені анықталмады», деді Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Талғат Мамаев.