• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 29 Тамыз, 2021

Аида Балаева Несіпбек Дәутайұлының отбасына көңіл айтты

174 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева белгілі қаламгер Несіпбек Дәутайұлының қайтыс болуына байланысты жақындарына көңіл айтты, деп жазады Egemen.kz.

«Белгілі қаламгер, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Несіпбек Дәутайұлының өмірден озуына байланысты, марқұмның жақын-туғандарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын. Несіпбек Дәутайұлы бүкіл саналы ғұмырын ұлттық әдебиетімізді дамытып, руханиятын ұлықтау жолына арнаған қарымды қаламгер, дегдар жазушы тұлға еді. Мазмұны терең, көркемдігі кемел шығармаларымен қатары қалың оқырман қауымның үлкен ілтипатына бөленіп, артына өшпейтін рухани мұра қалдыра білді. Ардақты ағамыздың жарқын жүзі мен ұлттық руханияттағы тұлғасы халықтың жадында мәңгi сақталады деп сенемін. Марқұмның жатқан жері жарық, топырағы торқа болып, нұры пейіште шалқысын»,  делінген министрдің көңіл айтуында.