• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 30 Тамыз, 2021

Әлемдегі эпидахуал қандай?

188 рет
көрсетілді

Әзірбайжанда карантин режимі 1 қарашаға дейін ұзартылды, деп жазады Egemen.kz.

Берлин полициясы ковид-диссиденттер ұйымдастырған акцияда 80-ге жуық адамды ұстады. Митингіге қатысушылар бұқаралық және коронавирусқа қарсы шаралар туралы заңдарды бұзуға шақырды. Бұған дейін Берлин билігі ковид-диссиденттердің мұндай акцияларына ресми түрде тыйым салған болатын.

Әзірбайжанда бұған дейін енгізілген айрықша карантин режимі 1 қарашаға дейін ұзартылды. Сонымен қатар үйлену рәсімдеріне қойылатын талаптар күшейтілді. Енді осы сипаттағы іс-шараларға қатысушылар мен қонақтар тек вакцина паспорты немесе ағзада вирустың анықталмағандығы туралы сертификаты бар болған жағдайда ғана жіберіледі.

Таиландта COVID-19 вирусын жұқтырған пациенттер далалық ауруханада «сауық кешін» ұйымдастырды. Самут Пракан провинциясындағы аурухана қызметкерлері пациенттер арасындағы қақтығысқс наразылық білдіріп, полиция көмегіне жүгінді. Ал қауіпсіздік қызметкерлері бақылау камералары арқылы пациенттердің бір бөлігі есірткі қабылдайтынын анықтады.

Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлімдеді.