«Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №112 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп жазады Egemen.kz.
Құжатқа сәйкес, некеге тұруға ниет білдірген адамдар белгіленген күні жеке басты куәландыратын құжатпен немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатпен тіркеуші органға келуі қажет.
Егер тілек білдірушілер дәлелді себептермен белгіленген күні тіркеуші органға келе алмаса, мемлекеттік тіркеу мерзімі олардың өтініші бойынша басқа уақытқа ауыстырылады.
Белгіленген күні некеге отыратын адамдар не олардың біреуі дәлелсіз себептермен келмеген, не некені тіркеу мерзімін ұзарта отырып, өтініш туралы арыз болмаған жағдайда өтініш жойылуға тиіс.
Бұйрық 2021 жылдың 5 қыркүйегінде заңды күшіне енеді.