Біріккен Араб Әмірліктерінде бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды, деп жазады Egemen.kz.
Техникасы мықты спортшы ретінде арнайы сыйлық қазақстандық Елнұр Сүйімбайға табыс етілді. Ол 63,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарған болатын.
«Қазақстан құрамасы медаль кестесінде жалпы жүлде саны бойынша көш бастады. Жас боксшылар Дубай төрінде сегіз алтын жеңіп алды. Сондай-ақ былғары қолғап шеберлері екі күміс, екі қола еншіледі», деп жазады ҰОК баспасөз қызметі.