WBC нұсқасы бойынша екінші жеңіл салмақтағы әлем чемпионы мексикалық Оскар Вальдес допингке ерікті тестілеу қауымдастығының антидопингтік тестінен сүрінді. Боксшының ағзасынан тыйым салынған препарат фенетермин табылған, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) өкілдері аталған жағдай бойынша зерттеу шаралары аяқталмайынша, қандай да бір түсініктеме беруден бас тартты.
Осы арада АҚШ-тың Аризона штаты, Тусон қаласында Casino Del Sol-да 10 қыркүйекке жоспарланған Оскар мен бразилиялық Робсон Консейсан арасындағы жекпе-жектің тағдыры белгісіз болып отыр.
Еске сала кетсек, Оскар осы жылдың 20 ақпанында екінші жеңіл салмақта чемпион белдігін жеңіп алды. Ол оныншы раунда өзінің отандасы Мигель Берчельтаны нокаутқа жіберген болатын.