• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Білім 01 Қыркүйек, 2021

2025 жылға дейін кемінде 1000 мектеп салу керек - Президент

978 рет
көрсетілді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға дейін 1000 мектеп салу туралы тапсырма берді, деп жазады Egemen.kz.

«Орта білім беру жүйесіндегі өткір проблеманың бірі – мектептердегі орын тапшылығы. 225 мың оқушыға орын жетіспейді. Шұғыл шара қабылдамасақ, 2025  жылға қарай орын тапшылығы 1 миллионға жетеді. Мен 2025 жылға дейін кемінде 800 мектеп салу туралы тапсырма берген болатынмын. Бүгін оның санын бір мыңға жеткізуді міндеттеймін», деді Мемлекет басшысы.

Президент мектеп құрылысына мемлекеттік бюджетпен бірге, жеке секторды да тарту туралы айтты.

Сонымен қатар толық білім беретін ауыл мектептерін оқушы санына қарай қаржыландыруға біртіндеп көшу керек екенін атап өтті.