• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
24 Қаңтар, 2014

Пентагон қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысады

226 рет
көрсетілді

Сочиде өтетін Олимпиада ойын­дары кезінде АҚШ қарулы күштерінің екі әскери кораблі Қара теңіз аумағында күзетке тұрып, шұғыл жағдайлар орын ала қалса, бірден араласа кететін болады.

 

Сочиде өтетін Олимпиада ойын­дары кезінде АҚШ қарулы күштерінің екі әскери кораблі Қара теңіз аумағында күзетке тұрып, шұғыл жағдайлар орын ала қалса, бірден араласа кететін болады.

Пентагонның ресми өкілі контр-адмирал Джон Кербидің айтуынша, өз елінің Қара теңіз бойын бойлап жүзетін әскери корабльдері мен Германияда тұрған ұшақтары қажеттілік туатын болса, Сочидегі америкалықтарды қатер құрсауынан алып шығады. CNN телекомпаниясының мәліметі бойынша, «ұшақтар Сочиге екі сағаттың ішінде жетіп келе алады». Бірақ мұндай операциялар үшін «міндетті түрде ресейліктер тарапынан рұқсат сұралады».

Джон Кербидің сөзіне қарағанда, Құрама Штаттар Ресей үкіметіне Қысқы Олимпиялық ойындарды өткізуге дайындық кезінде өзінің жан-жақты қолдауына сүйенуді ұсынған болатын. «Егер Ресей үкіметімен консультация жүргізу барысында әлдеқандай төтенше туындаған жағдайларға байланысты жәрдем керек етілсе, біз күшіміз бен Қара теңізде жүрген екі кемемізбен бірге, басқа да әскери-әуе және әскери-теңіз құралдарымызды іске қосуға дайынбыз», деді ол.

Бұдан бұрын Пентагонның басшысы Чак Хейгел егер Сочи Олимпиялық ойындарын өткізу кезеңінде ресейліктер жағынан қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты өтініш болып жатса, оған қолұшын беруге әзір екендерін мәлімдеген болатын.

Қаңтардың 19-ы күні Ресейдің президенті Владимир Путин Сочидегі ойындар қауіпсіздігін сақтаудың өте маңызды да жауапты мәселе екенін айтты. Ол осыдан кейін Қара теңіз жағасындағы қалаға келіп, мұндағы жағдаймен танысты. Әзірге қауіп шақыратындай дабылды ахуал жоқ.

Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.

Соңғы жаңалықтар