• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
24 Қаңтар, 2014

Маңғыстаудың киіз үйі бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілетін болды

564 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысында тұратын шебердің қолынан шыққан киіз үй Жапонияның Осако қаласындағы халықаралық этнографиялық мұражайда сақтаулы тұр. Бұл туралы «Хабар» телеарнасы хабарлады.

Осыдан 50 жыл бұрын жасалған киіз Жапонияда тұратын азаматтардың қызығушылығын туғызды. Енді бұл киіз үй ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне халықаралық аталым бойынша енгізілетін болды. «Біздің киіз үйдің ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енгізуге ұсыныс жасалғанын біліп, қуандық. Бұл, әрине, мұражай қызметкерлерінің игі ізденісіне берілген баға дер едім», - деді облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Тамара Жұмалиева.

Маңғыстау түбегінде өткен ғасырларда жасалған киіз үйлер әлі күнге сақтаулы тұр. Шеберлердің қолынан шыққан киіз үйлер жабдықталуымен ерекшеленеді. Бастысы, қазақтың қолөнері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді.

Әмірхан Алмағанбетов.

Дереккөз: «Хабар» телеарнасы.

Фото: Mangystau-muzey.kz.

Соңғы жаңалықтар