• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
24 Қаңтар, 2014

Шымкентте кәсіпкер мен оның ұлын өлтірген қылмыскерлер сотталды

305 рет
көрсетілді

Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында жеке кәсіпкер мен оның кәмелетке толмаған ұлын өлтірген 2 қылмыскер өмір бойы бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы «Хабар» телеарнасы хабарлады.

Бұл оқиға былтыр наурыз айында болған еді. Қылмыстық топты басқарған Жалғас Ысқақов өзінің арам пиғылын жүзеге асыру үшін шымкенттік кәсіпкердің сеніміне кіріп, іскерлік қарым-қатынас орнатқан. Ал оның сыбайластары бизнесменнің әрбір қадамын аңдып, арам пиғылдарын іске асыруды ойластырған. Ақыры олар бір күні шырт ұйқыда жатқан жандарды ұрып, қомақты қаржы талап етеді. Қарсылық білдірген кәсіпкер мен оның ұлын айуандықпен өлтірген. Зайыбы мен қызы ауыр дене жарақатымен ауруханаға түсті.

Қылмыскерлер бизнесменнің үйінен миллиондаған ақша мен бағалы бұйымдарды алып кеткен. Сот шешімімен қылмыскерлер жазасын қатаң режимдегі түзеу мекемелерінде өтейтін болды. Соның ішінде екеуіне өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Әмірхан Алмағанбетов.

Дереккөз: «Хабар» телеарнасы.

Фото: Od. Vgorode.ua.

Соңғы жаңалықтар