• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Қыркүйек, 2021

Жарылыстан қираған мектептің орнына жаңасы салынады

196 рет
көрсетілді

Әскери қоймадағы жарылыстан зардап шеккен Байзақ ауданында мектептер штаттық режимде жұмыс істеп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Жамбыл облысындағы Байзақ, Базарбай, Жаңатұрмыс, Көкбастау ауылдарында орналасқан мектептер толығымен қалпына келтіріліп, бірінші қыркүйекте оқушыларды қабылдады.

«Жібек жолы ауылындағы №5 мектеп ғимараты 1958 жылы салынған. Мұнда 115 бала оқиды. Әскери бөлімдегі жарылыстан кейін кей жерлерінің төбесі опырылып, қабырғалары, терезе ойықтары бүлінген. Ғимарат апатты жағдайда және күрделі жөндеуге жатпайды. Қазір 150 орындық жаңа ғимараттың құрылысына ЖСҚ дайындалып жатыр. Жер телімі бөлінді», деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Қазір аталған мектептің оқушылары ауылдан 4 шақырым жерде орналасқан Жаңатұрмыс ауылындағы мектептен оқып жүр. Балаларды тасымалдау үшін мектеп автобусы бөлінген.

Баспасөз қызметінің жазуынша, қалған мектептер бүлінбеген және штаттық режимде жұмыс істеп жатыр