Токиодағы Паралимпиадада тағы 13 адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы шараны ұйымдастырушы комитет мәлдімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Ресми өкілдердің айтуынша, вирусты жұқтыру дерегінің бәрі Паралимпиада ауылынан тыс жерлерде тіркелген.
Дертке шалдыққандар: волонтерлер, спорттық ойындарды өткізуге қатысты қызметкерлер және мердіргерлер. Еске салайық, Токиодағы Паралимпиада ойындары қыркүйектің 5-де аяқталады. Ауқымды шараға 4 жарым мыңға жуық спортшы қатысып жатыр.