• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 03 Қыркүйек, 2021

Биыл Атырауға Ресейден коронавирус жұқтырған 52 қазақстандық келген

91 рет
көрсетілді

Биыл «Атырау-Ресей Федерациясы» мемлекеттік шекарасындағы «Құрманғазы» санитарлық-карантиндік бекеті арқылы 52 қазақстандық ел аумағына коронавирус инфекциясын жұқтырып келген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, «Құрманғазы» санитарлық-карантиндік бекеті 2020 жылғы 5 наурыздан бері жұмыс істейді. Мұнда «Құрманғазы» автоөткелі арқылы ел аумағына өткен азаматтарға күн сайын мониторинг жүргізіліп отыр.

«Былтыр аталған бекеттен 46 466 адам, оның ішінде 6 334 жолаушы, 40 132 жүргізуші өтті. Оның ішінде ПТР-тест әдісімен 14 адамнан (8 жолаушы, 6 жүргізуші) коронавирус инфекциясының оң нәтижесі анықталды. Ал, биылғы қаңтардан бері ел аумағына 49 155 адам, оның ішінде 8324 жаяу жүргінші, 40831 жүргізуші келді. Анықтамасы жоқ шетелдің 148 азаматына шекарадан өтуге тыйым салынды. Сондай-ақ, анықтамасыз келген 3 233 Қазақстан азаматына COVID-19 инфекциясына қарсы ПТР-тестілеу жүргізілді. Оның нәтижесінде 52 азаматтан (49 жүргізуші, 3 жолаушы) қауіпті вирустың белгісі табылды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауға Ресейден келген 54 қазақстандықтан коронавирус анықталғанын жазған едік.