НАСА жаңа, әрі заманауи жабдықталған жер серігін ғарышқа сәтті ұшырды. Бұл туралы 24.kz хабарлады.
Аппараттың негізгі міндеті Халықаралық ғарыш станциясымен жаңа деңгейдегі байланыс орнату болып табылады.
Флорида штатының Канаверал айлағынан ұшырылған «Атлас-5» зымыран тасығышының бортында жаңа заманауи Тидиэрэс байланыс серігінің 5 үлгісі бар. Оның екеуі Халықаралық ғарыш станциясына орнатылады деп жоспарлануда. Осылайша, агенттік ескі жабдықтарды жаңа нұсқалармен ауыстыруды мақсат етіп отыр. «Атлас-5» тектес аппарат бұған дейін 2013 жылы ғарышқа ұшырылған болатын. 2 құрылғының жалпы құны 715 миллион долларды құрайды. Мамандар осы жер серіктерін 15 жыл бойы пайдалануды жоспарлап отыр екен. Айта кетейік, қазіргі уақытта ғарышта НАСА-ның байланысқа арналған 8 аппараты бар.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: 24.kz
Фото: Ria.ru