• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Тәуелсіздік 03 Қыркүйек, 2021

Ортаға салынған ойлар көп

548 рет
көрсетілді

Сәбит Мұқанов атындағы об­лыс­тық әмбебап кітапханада еліміз Тәуелсіздігінің 30 жыл­дығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан: Жасампаздыққа толы жылдар. Солтүстік Қазақ­стан облысының басты жетіс­тіктері» атты дөңгелек үстел өтті. Оған мемлекеттік ор­ган­дардың, азаматтық қоғам секторының, жастардың, ҚХА филиалының, оқу орындарының, БАҚ өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелді аш­қан об­лыстық ішкі саясат бас­қар­ма­сының басшысы Кемел Оспа­нов биылғы жылдың еліміздің тарихындағы айрықша жыл еке­нін айтып, оның Тәуелсіздікті 30 жылдық белеске шығарғанына назар аударып, осы жылдардағы қол жеткен табыстарды атап өтті. «Осы жылдарда Қазақстан Елбасы Н.Назарбаевтың бастауымен мемлекеттік құрылыс­тың қазақстандық үлгісін берік қалады. Қазақстан халқының патриоттық сезімдері қалай бе­рік орнаса, этносаралық және кон­фессияаралық қатынастар өз­ара құрмет пен төзімділікке негізделді. Қазақстан әлемнің сая­си картасында сенімді, болжалды мемлекет болып таныл­ды. Президент Қ.Тоқаев өзі­нің «Тәуелсіздік бәрінен қым­бат» атты мақаласында айтып өткеніндей «Бұл – қайта жаң­ғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азат­тықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл – көзді ашып жұмғандай қас-қа­ғым сәт. Дегенмен, бұл көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деу­ге болады». Осы 30 жылда Қа­зақстанның әлемге танылуына оның бейбітсүйгіш сыртқы сая­сатының әсері мол болды. Қа­зақстан өзінің аумағында КСРО-дан қалған әлемдегі төр­тінші орындағы ядролық қа­ру арсеналынан бас тартып қа­на қойған жоқ, оны таратпау, адам­затты қырып-жойғыш қару­ларды қолданбау бағытында дүние­жүзілік маңызы бар бас­тамалар көтерді. Экономикада на­рықтық қатынастар орнады. Сарыарқаның төсіне бүкіл әлемге танылған жаңа астана тұрғызылды, еліміздің шекарасы шегенделіп, ешқандай мемлекетпен территориялық таласы жоқ аз мемлекеттердің қатарына қосылдық. Бүгін осындай табыстарымызды еске алып, олар туралы толғамдарымыз­ды ортаға саламыз», дей ке­ліп Кемел Оспанов сөзді баян­дамашылар­ға берді.

Баяндама жасағандар арасында М.Қозыбаев атындағы СҚУ проректоры, тарих ғы­лым­­дарының докторы Ақ­ма­рал Ыбыраева жоғары білім са­ла­сындағы жетістіктер, №18 мек­­тептің директоры Күлім­көз Ысмайылова білім беру са­­ла­сының қол жеткен табыс­тары, ҚХА облыстық филиа­лының және Urpaq қазақ мә­дени-ағарту орталығының төр­ағасы Гүлбақша Мұсабаева қазақс­тандық туыстық, төзімділік үл­гісі, «Азаматтық альянс» ассо­циациясының» төрағасы Жанат Мұхамеджанов азаматтық қо­ғам институттарының жетіл­ді­рілу жолдары жайлы баяндап, қатысушыларға толымды ақ­параттар берді. Басқа баян­да­машылардың да сөздері тәуел­сіздіктің жан-жақты табыстарын қамтыды.

Пікірталасқа қатысқандар­дың бәрі ел Тәуелсіздігінің 30 жыл­дығы биылғы жылдың ең ­басты мерекесі екенін бірауыз­дан айтты. Жиында жаман ін­дет­тен сақтану режімін бұзбай Тәуелсіздіктің 30 жылдығын жал­пы халық болып атап өтудің маңыздылығы туралы да айтылды.

 

Петропавл