Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның Қазақстандағы елшісі Зураб Патарадзені қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның Қазақстандағы елшісі Зураб Патарадзені қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Елші Сенат Төрағасын Грузиядағы ішкі саяси және әлеуметтік-экономикалық даму, сондай-ақ, Қазақстанмен бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру туралы хабардар етті.
Екіжақты қатынастардың достық сипаты және келешегі зор екенін атап өте келіп, Қ.Тоқаев грузин парламентшілеріне еліміздің қазіргі дамуы барысымен танысу үшін Қазақстанға келуге шақыруын жолдады. Сенат Төрағасы грузин дипломатын Президент Н.Назарбаевтың таяуда жария еткен Жолдауының негізгі ережелері туралы хабардар етті.
Сол күні Қ.Тоқаев БҰҰ-ның Резидент-үйлестірушісі, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы Тұрақты өкілі Стивен Туллмен де кездесті. Жүздесушілер Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымының өзара іс-қимылының өзекті мәселелерін талқылады. С.Тулл Сенат Төрағасына БҰҰ Даму бағдарламасының біздің еліміздегі қызметі туралы айтып берді. Қ.Тоқаев Қазақстанның әмбебап әрі баламасыз ұйым болып табылатын БҰҰ-мен өзара іс-қимылының басым сипатын атап өтті.