• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
25 Қаңтар, 2014

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға дайын

231 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде сардарлар мен сарбаздар Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы ел дамуының негізгі бағдары болып табылатындықтан, жылдың басты құжатының негізгі идеялары мен мақсаттарын зерделеуде.

 

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде сардарлар мен сарбаздар Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы ел дамуының негізгі бағдары болып табылатындықтан, жылдың басты құжатының негізгі идеялары мен мақсаттарын зерделеуде.

ҚР ҚК Әуе қорғанысы күш­терінің әскери ұшқыштары Пре­зи­денттің «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын кеңі­нен талқылады. Жоғарғы Бас қолбасшының қамқорлығы арқа­сын­да Қазақстан әскері бүгінгі күні қазіргі заманғы әскери техника­мен жарақтанған, әскери қызмет­шілердің әлеуметтік мәселелері Мемлекет басшысының ұдайы назарында.

Бүгінде Қазақстан Қарулы Күш­терінің әскери қызметшілері ҰҚШҰ және НАТО елдері қа­ру­лы күштерінің әскери қызмет­шілерімен бірлесіп өткізілетін халықаралық оқу-жаттығуларға қатысады. Халықаралық сарап­шылардың бағасы бойынша, Қа­зақстан әскері ТМД елдері арасында алдыңғы үштікке кіреді. Қа­зақстан әскерінің қорғаныс қа­білетін нығайтудағы басты тап­сырма ұлттық қауіпсіздікті қор­ғау және еліміздің әлемдік және аймақтық проблемаларды шешуге қатысуы. Елбасы осы құндылықтардың арқасында біз­дің жеңіске жеткенімізді, елімізді нығайтқанымызды, ұлы жетістіктерімізді арттыр­ға­ны­мызды айтты. Осындай мемлекет құраушы, жалпыұлттық құн­дылықтардан Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің негізі құралады.

Әуе қорғанысы күштерінің әс­кери қызметшілері Жоғарғы Бас қолбасшының идеяларын қол­дайды. Қазақстанның дамыған отыз елдің қатарына енуі үшін өздерінің жауынгерлік және патриоттық борыштарын абыроймен орындауға даяр.

Бұдан бұрын хабарлағаны­мыз­дай, ҚР Қарулы Күштерінің барлық бөлімдері мен құрамаларында командирлер жеке құрамға Елба­сының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір бола­шақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіруді жалғастыруда.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар