• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 06 Қыркүйек, 2021

Коронавирус пен пневмониядан тағы 91 адам көз жұмды

140 рет
көрсетілді

4 қыркүйекте Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 91 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы ДСМ мәлімдеді.

Оның 72-сі КВИ инфекциясынан, 19-ы пневмониядан қайтыс болған.

6 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 93 014 адам коронавирус инфекциясынан (–85 418 + және 7 596 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 21 074 пациент стационарда, 71 940 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

1 491 адамның жағдайы ауыр, 425 пациенттің жағдайы өте ауыр, 201 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.