• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
25 Қаңтар, 2014

Тасымалдан табыс көп

305 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында көлік инфрақұрылымын біздің индустриялық экономикамыздың күретамыры деп атады. Меніңше, көлік инфрақұрылымы Қазақстан Республикасының аумағында жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды оңтайландырып қана қоймай, көрші мемлекеттермен тығыз қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді. Мемлекеттер арасындағы сауда, мәдени және туристік қарым-қатынастарды дамыту ДСҰ аясындағы әріптестікті нығайтып, біздің елдеріміздің экономикаларының тиім­ділігін арттырады.

Менің ойымша, Қазақстанда тиімді және сенімді логистикалық жүйе қалыптастыру өте маңызды. Осылай біз жаңа жұмыс орындарын ашып, жүктерді тасымалдауға белгіленген мөлшердегі тарифтерге қол жеткіземіз. Қазіргі таңда өз көліктері жоқ әрі өзгелерден көлік жалдап жұмыс істейтін тасымалдаушы фирмалар жүк тасымалдаушылардың онсыз да ауыр жағдайын одан сайын қиындатып жатыр. Ортақ логистикалық жүйе жүктерді арзан бағаға кедергісіз жеткізуге мүмкіндік берер еді. Біздің «Шұбаркөл Көмір» АҚ үшін «Шұбаркөл–Арқалық» теміржолын іске қосу өте маңызды. Себебі, ол біздің өніміміздің бәсекелестігін арттырар еді. Біздің көмір көп­теген қазақстандықтардың үйлерінде, елі­міз­дегі кәсіпорындар мен шетелдерде кеңінен танымал.

Тимур АҚБАЕВ,

«Шұбаркөл көмір» АҚ тау-кен көлігі

және өндірістік-техникалық

цехының инженері.

Соңғы жаңалықтар