• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 06 Қыркүйек, 2021

Елордада 16 мекеме әкімшілік жауапкершілікке тартылды

142 рет
көрсетілді

Өткен демалыс күндері мониторингтік топтар Нұр-Сұлтандағы 16 мекемені әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп жазады Egemen.kz.

5 қыркүйекте Алматы және Байқоңыр ауданында орналасқан екі мекемеде санитарлық талаптар бұзылғаны анықталды.

Сенбі күні 8 мекеме бас санитарлық дәрігердің қаулысында көрсетілген талаптарды сақтаған жоқ. Ал ертеңінде 6 мекемеде карантин режимінің бұзылғаны анықталды. Сонымен қатар, тексеру кезінде «Horeca» мейрамханасында 60-қа жуық адам болған, бұл карантин жағдайында рұқсат етілмейді. Себебі мұндай жағдайда әлеуметтік қашықтық сақталмайды.

«Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар әкімшілік шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға берілді», деп жазады қала әкімдігінің ресми сайты.