• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Спорт 06 Қыркүйек, 2021

Велошабандоздардың «Вуэльта» додасы аяқталды

175 рет
көрсетілді

Үш аптадан аса уақытқа созылған «Вуэльта» көпкүндігі өз мәресіне жетіп, бұл бәсекеде Примож Рогличтің бақ жұлдызы жанды.  

Нидерландта іргетасы қаланған «Team Jumbo-Visma» клубы сапында өнер көрсетіп жүрген 31 жастағы словениялық велошабандоз ең соңғы 21 кезеңде топ жарып қана қоймай, айтулы жарыстың жеңімпазы атанды. Примож Рогличтің көрсеткіші – 83 сағат 55 минут 29 секунд. Дәп осы спортшы биыл Токиода өткен Олимпияда ойындарының жекелеген сайысында да бас жүлдені олжалаған болатын.

Екінші орынды иеленген испаниялық Мас Энрич («Movistar Team») басты қарсыласынан 4 минут 42 секунд қалып қойды. Үшінші сатыға аустралиялық Джек Хэйг («Bahrain – Victorious») табан тіреді.

«Астана» клубы мүшелері арасынан ең үздік көрсеткішке Ион Исагирре қол жеткізді. Жарыс жеңімпазынан 1 сағат 17 минут 47 секунд қалып қойған 32 жастағы испаниялық легионер 26 орынды қанағат тұтты.