• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Тағайындау 06 Қыркүйек, 2021

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері ауысты

766 рет
көрсетілді

Бокстан ерлер арасында Қазақстанның ұлттық құрама командасының бас бапкері болып Қайрат Сәтжанов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қайраттың есімі де жанкүйерлерге жақсы таныс. Еңбек жолын қатардағы қарапайым бапкерліктен бастаған. 2011 жылы еліміздің жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы болып тағайындалып, бұл қызметті ол тапжылмай сегіз жыл атқарды. Сол аралықта балғын былғары қолғап шеберлеріміз әлем біріншіліктерінің жалпы есебінде екі мәрте (2013, 2015 жылдары) үздік үштіктің қатарынан көрініп, тағы екі рет (2013, 2017 жылдары) Азияның теңдессіз командасы атанды.

2019 жылы Қайрат Сәтжанов Қазастанның жастар құрамасының тізгінін ұстады. Бұл ретте де ол елеулі табыстарға қол жеткізді. Айтулы маманның жетекшілігімен біздің жігіттер 2019 және 2021 жылдары сары құрлықта алдына жан салмаса, биылғы әлемдік додада екінші орынды жеңіп алды.