5 қыркүйекте Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 79 адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.
Оның 64-і коронавирустан, 15-і КВИ белгілері бар пневмониядан қайтқан.
7 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 90 160 адам коронавирус инфекциясынан (–82 575 + және 7 585 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 19 279 пациент стационарда, 70 881 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
1 479 адамның жағдайы ауыр, 387 пациенттің жағдайы өте ауыр, 209 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.