• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 07 Қыркүйек, 2021

Жыл соңына дейін инфляция төмендейді - Ұлттық банк

296 рет
көрсетілді

Бұл туралы Ұлттық банк Төрағасы Е.Досаев ҚР Үкіметі отырысында айтты, деп жазады Egemen.kz.

«Мемлекет басшысының инфляцияны 2022 жылы 4-6% нысаналы дәлізге қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Ұлттық Банк, бірінші кезекте, Инфляцияға қарсы ден қою шараларының кешені шеңберінде монетарлық емес факторларды тұрақтандыруға бағытталған шараларды қабылдауды қолдайды», деді Досаев.

Ұлттық банк төрағасының айтуынша, биылғы жылғы 8 айдың қорытындысы бойынша 11,4% деңгейіне жеткен азық-түлік бағасының өсуі инфляцияны жеделдетуге негіз болған. «Оны осы жылдың соңына қарай 8%-ға дейін төмендету үшін шаралар кешеніне сәйкес Үкімет пен әкімдер реттеушілік сипаттағы және монополияға қарсы ықпал етудің тиімді уақытша шараларын негізге ала отырып, жекелеген нарықтардағы маусымдық күтпеген өзгерістер мен теңгерімсіздіктерді жою бойынша жедел шаралар қабылдайтын болады», дейді Төраға.

Үкімет осы мақсатта тауар өндірісі, экспорты мен импорты балансын қатаң сақтай отырып, ішкі нарықты жан-жақты толықтыру, агроөнеркәсіптік кешеннің өнімділігін арттыру және тиімді тауар өткізу жүйесін дамыту жөніндегі бірқатар шара қабылдайды. Бұл, жоспарға сәйкес, азық-түлік инфляциясын 2022 жылы 6%-ға дейін және 2023-2024 жылдары 5%-ға дейін төмендетуі керек. Ал азық-түлікке жатпайтын инфляция 2022 жылы 5%-ға дейін және 2023-2024 жылдары 4%-ға дейін төмендеуге тиіс.  

«Реттелетін қызметтер үшін орта мерзімді негізде болжамды және теңгерімді тарифтік саясатты енгізу айрықша маңызды. 2023 жылдан бастап бағаны әкімшілік реттеуден халықтың әлеуметтік осал топтарына атаулы көмек көрсетуге ауысуды бастау орынды деп есептейміз. Бұл сервистік инфляцияны 2022-2024 жылдары 4% деңгейінде тұрақтандыруға мүмкіндік береді», деді Досаев.