«Қазақстанда бензин бағасы қанша пайызға арзандағанын Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Бүгінгі таңда АИ-92 маркалы бензин бағасына байланысты нарықта тұрақтылық байқалады. Ірі желілердің сату бағасы 175 тг/л аспайды. Агенттік өңірлік бензин сатушыларға және «Petro retail», «Синоил» және «Гелиос» 3 ірі желілеріне 14 хабарлама жолдады. Барлық хабарлама орындалды. Жалпы, республикада бензин бағасының төмендеуі орта есеппен 3% - ды құрады», деді ол.
Жұманғарин бүгінгі күні ірі желілердің сату бағасы 200 тг/л-ден аспайтынын айтты.
«Агенттік өңірлік дизель отынын бөлшек саудада өткізушілерге 19 хабарлама және 4 ірі желіге: "Газпромнефть-Қазақстан" ЖШС, "Petro retail" ЖШС, "Синоил" ЖШС және "Гелиос"ЖШС шығарды. Барлық хабарлама орындалды. Сонымен қатар 1 шілдеден бастап дизель отынына акциз 540-тан 9 300 тг/т дейін өскенін атап өткен жөн, бұл бағаға орта есеппен литріне 8 теңгеге дейін әсерін тигізеді», деді ол.