• RUB:
    5
  • USD:
    488.91
  • EUR:
    532.62
Басты сайтқа өту
Экономика 07 Қыркүйек, 2021

Ұлттық экономика министрлігінде жалақыны арттыру жоспарлары айтылды

532 рет
көрсетілді

ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев ведомствоның ең төменгі жалақыны арттыру жөніндегі жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мемлекет басшысының халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған 5 бастамасын іске асыру мақсатында келесі іс-шаралар іске асырылатын болады. Біріншіден, ең төменгі жалақы 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 60 мың теңгеге дейін ұлғайтылады», деді Әсет Ерғалиев Үкімет отырысында.

Екіншіден, бизнесті өз қызметкерлерінің жалақысын арттыруға ынталандыру шаралары әзірленетін болады.

«Үшіншіден, ЕТҚ жүктемесін 2023 жылдан бастап 34%-дан 25%-ға дейін төмендетуді көздейтін микро және шағын бизнес үшін еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлемді енгізу жоспарлануда. Төртіншіден, азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын жыл сайын 2022 жылдан 2025 жылға дейін 20%-ға ұлғайту көзделіп отыр. Бесіншіден, ең төменгі жеткіліктілік шегінен жоғары зейнетақы аударымдарының бір бөлігін Тұрғын үй сатып алу үшін «Отбасы банкіндегі» шотқа аудару мүмкіндігі берілетін болады», деп атап өтті министр.