• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 07 Қыркүйек, 2021

Радикалды көзқарастағы әйелдердің көбі райынан қайтты

181 рет
көрсетілді

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР АҚДМ Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежановтың «Дін саласындағы жалпы жағдай туралы» тақырыбында брифингі өтті, деп жазады Egemen.kz.

Брифинг барысында Е.Нүкежанов бірінші жартыжылдықта еліміздегі діни ахуалды қамтамасыз ету жұмыстарының нәтижелері мен Комитеттің алдында тұрған міндеттері туралы мәлімдеді.

Комитет төрағасы соңғы жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің қорытындысы бойынша дін саласында жүргізіліп отырған мемлекеттік саясатты қолдаудың үлесі 87,6%-ға жетіп отырғандығын атап өтті.

«Комитет пандемия кезінде интернет кеңістікте діни экстремизмнің алдын алу бойынша жұмыстарды күшейтуге ерекше назар аударып отыр. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында ақпараттық кеңістікте 62 мыңнан астам материал әзірленіп, жарияланды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп нәтиже.

Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдармен жүргізілген кешенді жұмыстардың нәтижесінде 84 мыңнан астам адам әлеуметтік желілердегі радикалды насихат көздерінен шығарылған», деді комитет төрағасы.

«Жусан» гуманитарлық операциясы аясында террористік белсенді аймақтардан оралған әйелдердің 96%-ы радикалды көзқарастарынан бас тартып, қоғамға бейімделуі де ведомствоның атқарған жүйелі жұмыстарының бірі болып отыр.

Сондай-ақ Е.Нүкежанов Діни қызмет саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыстарға тоқталды. Алдағы уақытта Комитет тарапынан діни бірлестіктерді тіркеу және діни рәсімдерді өткізу мәселелерін оңтайландыруды көздейтін түзетулер енгізу жоспарлануда.