• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 08 Қыркүйек, 2021

Корея теңіз түбіне жол салды

494 рет
көрсетілді

Оңтүстік Кореяда теңізасты тоннель салынды. 11 жылға созылған құрылыс аяқталып, қазір жол таңбаларын орнату жұмыстары жүріп жатыр. Бұл әлемдегі ұзындығы бойынша 5-орынды алатын суасты жолы, деп жазады Egemen.kz.

Ұзындығы жеті шақырымдай су астындағы тоннель – кореялық құрылысшылардың мақтанышы. Мұнда бәрі ұсақ-түйекке дейін ойластырылған: желдету, кәріз және электронды дисплейлер. Тіпті жер үстімен өтетін тоннельдердің құрылысына қарағанда бір жарым есе тығыз цемент қолданылған. Инженерлердің айтуынша, бұл нысанды жүз жыл бойы пайдалануға болады. Екі бағытқа жүруге болатын 2 тоннель салынған. Жол оқиғасы бола қалған жағдайда екі жол арасындағы өтпе жолдар арқылы жедел жәрдем машиналары кіре алады.

Тоннельде ұялы байланыс базасы орнатылған, сондықтан телефондарды пайдалануға болады. 

Тоннельдің құны 417 миллион 383 мың доллар. Үкімет індет өршіп тұрған кезде салынған бұл құрылыс мол пайда әкеледі деп сенеді. Өйткені осы жол арқылы Вонсан аралына туристер ағыны артады деп күтілуде.