• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Қыркүйек, 2021

Шекарадан өту уақыты қысқарады

367 рет
көрсетілді

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев брифинг барысында шекаралық өткізу пункттерінде көлік қозғалысының бүкіл циклі автоматтандырылатынын хабарлады,  деп жазады Egemen.kz.

«Кедендік инфрақұрылымдарды, яғни, жоспарланған 10 өткізу пунктін жаңғырту көлік қозғалысын 2-ден 6 жолаққа дейін кеңейту жоспарда. Тәулігіне өткізу қабілеті 8 есе артады. Шекарадан өту уақыты 30 минутқа дейін қысқарады. Көлік құралдарының тоқтаусыз қозғалысы үшін техникалық бақылаудың бірыңғай толассыз автоматтандырылған дәліздерін пайдалану есебінен көлік құралы қозғалысының бүкіл циклі автоматтандырылатын болады», деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Төраға орынбасарының айтуынша, бүгінгі күні нақты уақыт режимінде маршрутты қадағалау үшін навигациялық пломбалар қолданылуда. Электронды кезек жүйесінің тәжірибесі «Нұр жолы» өткізу пунктіндегі кезекті алдын ала брондау басқа да өткізу пунктеріне қолданылады. Аталған іс-шаралардың нәтижесінде жалған транзит үлесін 2019 жылғы 28 пайыздан биыл 1,3 пайызға дейін төмендетуге қол жеткізілді.

«Осы жылдың басынан бастап жалған алушылардың мекенжайына тауарларды әкелудің барлығы 177 фактісі анықталды. Өткен жылдары осындай 11 мың факт анықталған болатын. Қабылданып жатқан іс-шаралар осы жылы ЕАЭО импортталатын тауарлар бойынша ҚҚС түсімдерінің өсу қарқынын өткен жылмен салыстырғанда 136 пайызға немесе 149 млрд теңгеге артық қамтамасыз етті»,  деп нақтылады Жайдар Іңкәрбаев.