Қазақстан 4 қазаннан бастап Мальдив аралдарымен тұрақты рейстерді қалпына келтіреді, деп хабарлайды Egemen.kz.
4 қазаннан бастап «Эйр Астана» Алматы - Мале бағыты бойынша тұрақты рейстерді қалпына келтіреді. B767 және A321LR типті ұшақтар аптасына төрт рейс жасайды.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Мальдивке ұшатын рейстер санының көбеюі эпидемиологиялық жағдай мен ВАК шешімдеріне байланысты болатынын айтты.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және авиакомпанияның сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.