• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Видео 08 Қыркүйек, 2021

Тұрғындар қорқып қалған. Атырауда ауыл мектебінен шу шықты

545 рет
көрсетілді

«Ағасының мүрдесін бірнеше ай бойы үйінде сақтаған мұғалім сабақ бермесін». Кеше Атырау облысы Таңдай ауылы тұрғындары мектепке осындай талаппен келді, деп хабарлайды Egemen.kz Аstana телеарнасына сілтеме жасап.

Айтуларынша,  биыл қаңтар айында  өз ауласында өлі күйінде табылған 82 жастағы ағасының мәйітін үйінде ұстап, істі болған әйел жұмысқа қайта оралған.

«Жантүршігерлік  оқиғаға байланысты қозғалған қылмыстық іс қысқартылған, бірақ біз бәрібір  ол адамнан қорқамыз», дейді жиналғандар.

Мүрдені 7 ай бойы үйінде сақтаған биология пәнінің мұғалімі ауылдағы Қ.Ахмедияров атындағы орта мектепте жұмыс істейді. Жантүршігерлік оқиғадан соң әлі күнге ес жия алмай жүрген таңдайлықтар оның мектептен ғана емес, ауылдан да көшіп кетуін талап етуде. Себебі мұндай оқиғаға қатысы бар адамның оқушыларға сабақ бергенін қаламайды.

Ата-аналар мектеп директорына мұғалімді жұмыстан шығаруды талап етіп, бірнеше мәрте арыз жазған. Болмаса балаларын сабаққа жібермейтінін ескерткен. Бірақ директоры жұмыстан шығаруға еш құқы жоғын жеткізген.

– Заңға сәйкес тергеу ісі бойынша ақталып шықты. Ешқандай жазығы жоқ. Жұмысқа орналасу керек деген тапсырмалармен біздер жұмысқа орналастырып, шеттетілген уақытындағы  еңбекақыларын төлеп шықтық. Қазір енді жұмысқа қоспасқа біздің ешқандай құзырымыз  жоқ, - дейді мектеп директоры.

400 түтіні бар Таңдай ауылын дүр сілкіндірген оқиға қаңтар айында болған. 80-нен асқан қарияның аяқ астынан із-түссіз кеткеніне туыстары да күмәнмен қарапты.  Өйткені  қарындасы ағасын әр түрлі сылтау айтып, әлеуметтік қызметкерлерге көрсетпей қойған. көрінеді. Ал көршілері бірнеше ай бойы қолқаны қабқан иіске тұншыққандарын айтады. Содан кейін ғана мән-жайы белгілі болған көрінеді.

Мұғалім қазір 9-10,11 сыныптарға биология пәнінен сабақ береді. Отыз жылдан аса  тәжірибесі бар ұстаз бүкіл ауыл қарсы шыққанына қарамастан, жұмысында қала беретінін ашып айтқан. Ал өзі телеарна тілшілеріне сұхбат беруден бас тартқан.