Ресей ТЖМ басшысы Евгений Зиничев Норильск жаттығуларында қайтыс болды. Бұл туралы министрлік сәрсенбіде хабарлады, деп жазады Egemen.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.
«Біз Норильскіде Арктика аймағын төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі ведомствоаралық жаттығуларда қызметтік борышын орындау кезінде ТЖМ басшысы Евгений Зиничев қайғылы түрде қайтыс болғанын өкінішпен хабарлаймыз», делінген департамент хабарламасында.
Зиничев 2018 жылдың 18 мамырынан бастап Ресей ТЖМ басшысы қызметін атқарған.