• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Әлем 08 Қыркүйек, 2021

Коронавирус пандемиясы қалай аяқталуы мүмкін?

449 рет
көрсетілді

Шілде айының соңында америкалық медициналық қоғамның JAMA журналында жарияланған мақала авторлары пандемияның төрт түрлі аяқталуы мүмкін екенін жазды, деп хабарлайды Egemen.kz BBC-ге сілтеме жасап.

Мақалада төрт ықтимал сценарий жазылған.

Бірінші сценарий - вирусты толықтай жою. Дәрігерлер шамамен жарты ғасыр бұрын шешек вирусын жойғаны сияқты, Covid-19 вирусының да көзін жояды.

Екіншісі - вирус жұқтыру қаупін азайту.

Бұл туралы авторлар «Қысқа мерзімді перспективада неғұрлым нақты тапсырма», деп жазады. Яғни, белгілі бір елдегі жаппай вакцинация мен қатаң шектеу шараларын сақтап,  шекараларды жабу және сыртқы әлемнен оқшаулау арқылы инфекция жұқтыру санын уақытша нөлге дейін төмендету. Қазіргі кездегі ең әйгілі мысал - қызылша вирусы. Балаларға жаппай вакцинациялаудың арқасында ауру сирек кездеседі және оны бақылауға алуға болады.

Үшінші сценарий - вируспен бірге өмір сүру. Дайын вакциналар (дәлірек айтқанда, олардың болашақ модификациялары) тек Covid-19-дың ауыр ағымынан және өлімнен қорғайды деген болжамға негізделген. Осылайша коронавирус маусымдық ауруға айналады. Кейде вакцина салдырған адамдар да иммунитетінің төмендеуіне, уақыт өте келе антиденелер деңгейінің табиғи азаюына немесе вирустың жаңа мутациясына байланысты ауыруы мүмкін. Алайда, халықтың көп бөлігі кез келген уақытта жеткілікті дәрежеде қорғалатын болады.

Төртінші сценарий - асқыну. Әлем халқының едәуір бөлігі вакцина алмаған жағдайда вирус тез тарала береді. Сәйкесінше мутацияға ұшырап, жаңа штамдары пайда болады.

Соңғы жаңалықтар