«Карасора» жедел алдын алу іс-шарасы барысында БҚО тұрғындарынан есірткі заттары анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Карасора» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде Орал қаласы Профсоюзная көшесіндегі үйдің ауласынан құрамында есірткі бар тоғыз түп өсімдік табылды. Күдікті 35 жастағы ер адам болып шықты. Бұталар сараптамаға жіберілді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 300-бабы 1-бөлігі «Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Сонымен қатар, 33 жастағы азаматтың тұрғылықты жері бойынша Литва көшесіндегі үйдің ауласынан 13 қарасора бұталары табылды.