• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
28 Қаңтар, 2014

Мұратқа жеткізер ұстаным

281 рет
көрсетілді

Қазақстан халқы үшін Жолдаудың орны ерекше. Неге десеңіз, Жолдау – жүріп өткен жолымыздағы кіріс-шығысты, жақсы-жаманды безбендейтін таразы. Жолдау – бүгініміздің шарайнасы. Жолдау – ертеңгі күнгі тірлігіміздің бағдаршамы. Жолдау – Қазақстан атты алып кеменің болашақ атты алыс жағалаудағы ғажайып кемежайы. Жолдау – Қазақстандағы саяси-әлеуметтік әрі экономикалық хал-ахуалдың барометрі. Сондықтан, биылғы дәстүрлі Жолдауды да асыға күткенбіз. Оның тұғырнамасы да, өзегі де «Мәңгілік Қазақстан» жобасын жалау етеді.

Қазақстан халқы үшін Жолдаудың орны ерекше. Неге десеңіз, Жолдау – жүріп өткен жолымыздағы кіріс-шығысты, жақсы-жаманды безбендейтін таразы. Жолдау – бүгініміздің шарайнасы. Жолдау – ертеңгі күнгі тірлігіміздің бағдаршамы. Жолдау – Қазақстан атты алып кеменің болашақ атты алыс жағалаудағы ғажайып кемежайы. Жолдау – Қазақстандағы саяси-әлеуметтік әрі экономикалық хал-ахуалдың барометрі. Сондықтан, биылғы дәстүрлі Жолдауды да асыға күткенбіз. Оның тұғырнамасы да, өзегі де «Мәңгілік Қазақстан» жобасын жалау етеді.

Мәңгілік Ел... Мәңгілік Қа­зақ­стан... Бұлар ата-бабаларымыздың мәңгілік арманы, мәңгілік аңсары болатын. Тәуелсіздіктің бар-жо­ғы 22 жылында сол арманды ауыз­дықтап, ертеңгі көгілдір жаға­лауларға бет алдық. Оған жеткізер алып кемеміз – «Қазақстан-2050» Стратегиясы. Болашақтың ширек ғасырдан астам мерзіміне жос­пар жасау – құрғақ қиял емес. Бү­гін­дері тоқтықтан кекіріп отыр­ған талай мемлекет осы жолдан өткен.

Стратегиялық жоба – XXI ға­сыр­дың төлі. Жаңа ғасырдың тумасы. Ертеңгі аймаңдай күннен үмітті біздің елдің ұраны да, жыр-әні де сол болуға тиіс. Алай­да, байлық пен абырой, жаңарулар мен жаңғырулар аспаннан жаумайды. Оған жетуден үміткер елдің еңкейген кәрісі мен жел­көкірек жасы тек нәтижелі еңбек пен тұғырлы ғылымға арқа сүйеуі қажет. Осы екеуіне басымдық берген ел-жұрт мұратына жетеді. Сонда барып ха­лықтың әл-ауқаты көтеріледі, сонда барып бізді әлем мойындайды, сонда барып Қазақстан жер бетіндегі азулы 30 мемлекеттің қатарынан ойып отырып орын алады. Қазақстанның Мәңгілік Ел болуы дегеніміздің бір парасы осы.

Бұл ұлы жобаның алғышарттарын Елбасы тапсырмасына орай Үкімет жасап та қойған. Президент мақұлдаған бұл құжат бойынша Қазақстанда ал­дағы 15-17 жыл ішінде аса ауқымды өзгерістер мен жаңғыртулар болмақ. Де­генмен, 2050-ге жеткізер жолдағы ұлан-ғайыр бәсекелестікті де назардан шығармаған жөн. Оған төтеп беру үшін жоғарыдағы еңбек пен ғылымды қалқан етуіміз қажет.

Бүгінгі таңда мемлекеттің қарыш­тап дамуының басты көрсеткіші – оның Экономикалық ынтымақтастық жә­не даму ұйымына мүшелігімен өл­ше­неді. Оның құрамында бүгінде 34 мемлекет болса, тағы да 6 мемлекет кіруден үміткер. Жаңағы 34 мем­лекет әлемдік ішкі өнімнің 60 пайы­­зын өндіреді. Бұл елдердің барша­сы толыққанды жаңғырулар мен жаңа­рулардан өткен, инвестиция тарту мүм­кіндіктері ұшан-теңіз, ғылым мен білімде, еңбек өнімділігін арттыруда, кәсіпкерлікті дамытуда, жұртының әлеуметтік хал-ахуалын көтеруде аса жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген.

Қазақстанда осы ұйымға мүше елдерге тән кейбір қағидалар мен стандарттар жүзеге асырылатын болады. Ішкі жалпы өнім жан басына шаққанда 60 мың долларға жетуі керек. Ел халқының 70 пайызы қалалықтарға айналуы шарт. Қазақстан Еуразиядағы алдыңғы қатарлы медициналық туризм елі болады. Ұлттық білім беру жүйесін қалыптастыру аяқталады. Біздің еліміз әлемдегі нағыз қой үстіне бозторғай ұя салар жұмаққа айналады.

Бұл мұраттарға жету оңай емес. Әр бесжылдықтың мойнына артылар жүк аса ауқымды. Берілген тапсырмалар дер кезінде орындалғанда ғана біз мақсаттарымызға жетеміз. Жо­ға­рыдағы міндеттер мен шаруалар­ды орындау еңбек адамының қолында. Сон­дықтан, мемлекет ең алдымен соның жағдайын жасауға тиіс. Сапалы еңбек – әлеуметтік уайымы аз адамдардың шаруасы. Әлеуметтің әлеуеті – толымды жалақы. Жуық арада Үкімет осы бір толғақты шараны қолға алуы керек.

Қоғам болған соң, онда мүмкіндігі шектеулі мүгедек жандар да көптеп кездеседі. Пенде кемтарлықты Алладан сұрап алмайтыны рас. Оларға деген қамқорлық пен мейірім де мемлекеттің мойнында болуы тиіс. Мүмкіндігі барларын жұмысқа тартқан тиімді. Ондай жандар қоғаммен етене араласқанда, белсенді жұмыспен айналысқанда ғана ағза кемістігін ұмытады. Дәл осы төңіректе «Нұр Отан» партиясының қайраткерлігі қажет-ақ.

Мемлекеттің де, онда тірлік кешіп жатқан халықтың да ғұмырлылығы, мәңгіліктігі тек барлықпен, байлықпен, тоқтықпен өлшенбейтінін толғайды Елбасы. Рухани құндылықтарын жо­ғалтқан жұрттың болашағы бұ­лың­ғыр екендігін, мемлекеттің негізін құрайтын халық қазақ болса, оның тілінің, ділінің, салт-дәстүрінің басқа этностарды төңірегіне топтастыратын үлкен рухани тірек болуы керектігін ескертеді.

Міне, «Мәңгілік Ел» тұғырнамасы философиясының кейбір тараулары осындай тереңге тартады. Қандай шаруаны болсын қолға алып, нендей мәселені көтерсе де оларды кешенді түрде қарастыратын, Үкіметтен де, мұ­қым қазақстандықтардан да сондай әрекетті талап ететін Елбасы бұл Жолдауында да сол ұстанымын жар­қы­рата дәлелдеді. Қазақ Тәуелсіздігінің авторы Нұрсұлтан Назарбаевтың егемендіктің алғашқы таңынан бастап қолға алған шаруалары, осыған дейінгі барлық жолдаулары түгелдей осы «Мәңгілік Ел» идеясына қызмет ететін шаралар кешені екен. Яғни, Жолдау – мәңгіліктік ұстанымы, «Нұр Отан» партиясының Доктринасы – оның идеологиялық тегершігі.

Ұлы мұраттардың сабақтастығы дегеніміз осы. Ал біздің міндет – Елба­сы көрегендігіне, үлкен тұлғаның ке­мең­герлігіне таңырқаушы ғана болып отырмай, Жолдаудың әрбір баптарын тиянақты орындауға үлес қосу.

Түсіпхан ТҮСІПБЕКОВ,

«Нұр Отан» партиясы Шығыс Қазақстан

облыстық филиалы төрағасының

бірінші орынбасары.

Соңғы жаңалықтар