• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 10 Қыркүйек, 2021

Коронавирус пен пневмониядан 97 адам қайтыс болды

301 рет
көрсетілді

Қазақстанда бір тәулікте COVID-19 бен пневмониядан 97 адам қайтыс болды және 373 науқас өте ауыр жағдайда жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

8 қыркүйекте ПТР-сынамасы оң нәтиже көрсеткен 78 адам коронавирустан, ал ПТР-сынамасы теріс нәтиже көрсеткен 19 адам пневмониядан қайтыс болған.

Сондай-ақ, 10 қыркүйектегі мәлімет бойынша 82 162 адам коронавирус инфекциясынан (74 116 КВИ+ және 8 046 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:

 17 245 пациент стационарда, 64 917 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

1 310 адамның жағдайы ауыр, 373 пациенттің жағдайы өте ауыр, 208 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.