Қазанда (Ресей) ТМД елдерінің ойындары өтіп жатыр. Қазақстандық дзюдошылар алты медаль жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
«66 келіде белдескен Ермек Амангелді финалға шығып, күміс жүлдеге ие болды. Ал 60 келіде Шерзод Давлатов, 73 келіде Данияр Шамшаев, 90 келіде Айдар Арапов, қыздар арасында 52 келіде Ақмарал Науатбек, 78 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Мадина Парагульгова қола жүлдегерлер қатарынан көрінді», деп жазады ҰОК.
Айта кетерлігі, дзюдо бойынша бәсекеге Қазақстан сапынан барлығы жеті татами шебері қатысты. Тек бір спортшы, 81 келіде сынға түскен Аян Байғазы, жарысты бесінші орынмен аяқтап, жүлдеден тыс қалды.