• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Қыркүйек, 2021

Шетелдік жолаушылардан КВИ анықталмады

126 рет
көрсетілді

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 2021 жылдың 9 қыркүйегінде халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат жариялады, деп жазады Egemen.kz.

2021 жылдың 9 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының аумағына  Германия, Оңтүстік Корея, БАӘ, Грузия, Черногория, Түркия, Венгрия, Украина, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 37 халықаралық әуе рейсі келді.    

Өткен тәулікте 4 742  авиажолаушы келді. Оның ішінде:    

Алматы қаласының әуежайына – 18 рейс, 1 875  жолаушы;     

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 10 рейс, 1741 жолаушы;    

Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 186 жолаушы;    

Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, 178 жолаушы;

Ақтөбе  қаласының әуежайына - 1 рейс, 114 жолаушы;                                                                                        Атырау  қаласының әуежайына - 2 рейс, 143 жолаушы;

Қарағанды қаласының әуежайына - 1 рейс, 168 жолаушы;

Түркістан  қаласының әуежайына - 2 рейс, 337 жолаушы;

Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.