• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Теннис 11 Қыркүйек, 2021

Теннис: Анна Данилина Францияда өткен турнирдің жеңімпазы атанды

160 рет
көрсетілді

Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында Францияда өткен ITF W 25 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, Данилина украиналық Валерия Страховамен бірге финалда жарыстың 3-ракеткалары, франциялықтар Одри Алби - Лиолея Жанжанмен кездесті.

Бірінші партияда тай-брейкте корт иелері үстемдік танытты - 7:6 (9:7).

Екінші сетте екі брейк жасаған қазақстандық-украиналық жұп басымдылық көрсетті - 6:2.

Супер тай-брейкте Данилина мен Страхова жеңісті жұлып алды - 10:4. Осылайша қазақстандық теннисші жұптық сында биылғы жетінші титулына қол жеткізді. А.Данилина жекелей сында да жарысты жалғастыруда.

Ол бүгін финалға шығу үшін франциялық Алиса Роббемен таласады.