• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 12 Қыркүйек, 2021

Қытайдың оңтүстік-шығысында коронавирустың жаңа ошағы анықталды

349 рет
көрсетілді

Қытайдың оңтүстік-шығысындағы Фуцзянь провинциясында карантин шараларының қатаңдағанына қарамастан коронавирус инфекциясы өршіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚХР Денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің хабарлауынша, өткен тәулікте Фуцзянь провинциясында 21 адам коронавирус жұқтырған. Олардың басым көпшілігі үш миллионнан астам тұрғыны бар теңіз жағасындағы Путян қаласының тұрғындары.

11 қыркүйектен бастап COVID-19 таралу қаупіне байланысты Путяньға (Фуцзянь провинциясы) қатынайтын қалааралық және аймақаралық маршруттық таксилердің жұмысы уақытша тоқтатылды, сонымен қатар басқа аймақтарға баратын жолаушылар автобусы тоқтатылды.

Елді мекендегі спорттық, демалыс, ойын-сауық және басқа да орындар уақытша жабылды. Қаладан шығу үшін коронавирусқа тест тапсыру қажет. Өткен сенбіде ҚХР Денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комитеті коронавирустың алдын алу және бақылау жұмыстарын басқару үшін Фуцзянь провинциясына жұмыс тобын жіберді.

Ресми ақпаратқа сәйкес, құрлықтық Қытайда науқастардың 94,35%-ы емделген. 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап жұқтырғандар саны 95,1 мың адамнан асты. Өткен жұмада құрлықтық Қытайда КВИ вакцинасының шамамен 2,13 миллиард дозасы салынды.

Сондай-ақ, Қытайда CОVID-19 вакциналарының 60 миллионнан астам дозасын 12-17 жас аралығындағы жастар ектіргені хабарланды.