• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Саясат 13 Қыркүйек, 2021

Контрабандаға қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды

231 рет
көрсетілді

Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовтің төрағалығымен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өткізіліп, онда экономикалық контрабандаға қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды. Оның жұмысына Үйлестіру кеңесінің мүшелері, облыстардың прокурорлары, құқық қорғау, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Отырысты аша отырып, Бас прокурор экономикалық контрабанда мемлекетке елеулі залал келтіретінін, отандық биз­нес үшін тең емес бәсеке туды­ра­тынын атап өтті. 5 жыл ішінде республика бойынша кеден саласында 700-ден аса қылмыс­тық құқық бұзушылық тіркелген.Кеңесте Қаржы мониторингі агенттігі мен Мемлекеттік кіріс­тер комитетінің қабылдап отыр­ған шаралары туралы баян­да­ма­лар тыңдалды.Шетелдік мемлекеттермен ақпарат алмасу, ішкі нарықты заңсыз импорттан қорғау және кедендік бекеттерді техникалық жарақтандыру мәселелері тал­қы­ланды.Ғ.Нұрдәулетов «Қазақстанда көліктің шекарада орынсыз тұрып қалу фактілерін болдырмай, қабылданып отырған шаралар адал бизнес үшін кедергі келтірмеуі керек» деп атап өтті.Іс-шара қорытындысымен Үйлестіру кеңесінің мүшелері шекарадағы заңсыз сауда айналымына қарсы күрес бойынша ұсынымдар берді.

«Егемен-ақпарат»