Испанияның оңтүстігіндегі Андалусия аймағында орман өрті шығып, 2 мыңға жуық адам үйін тастап кетуге мәжбүр болды, деп жазады Egemen.kz.
ВВС жазуынша, сәрсенбіде Коста-дель-Сольдегі Эстепона курорттық қалашығында басталған өртте бір төтенше жағдай қызметкері қаза тапты.
Испания үкіметі таулы аймақтағы өрт сөндірушілерге көмектесу үшін әскери бөлімін орналастырды.
Жексенбіде тағы алты қала мен ауыл эвакуацияланды, түтін бірнеше шақырымға жайылды. Басқа бес қауымдастықтың тұрғындарына жұма күні үйінен кетуге бұйрық берілді.
Испандық БАҚ-тың хабарлауынша, өрт 7400 гектар аумақты шарпыған.