Қазақстандық теннисші Александр Недовесов жұптық сында Киев челленджер турнирінің жеңімпазы атанды, деп жазады Egemen.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстандық теннисші финалда бразилиялық Орландо Лужбен бірге украиналық Денис Молчанов - Сергей Стаховский жұбымен күш сынасты.
Қазақстандық-бразилиялық жұп 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Олар бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта 3 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді.
Қарсыластары 1 эйс, 1 брейкпен (9 брейк-пойнт) шектелді.
Осылайша А.Недовесов жұптық сында өз спорттық жолындағы 22-ші, биылғы маусымдағы жетінші титулына қол жеткізді.